Сборник некоторых важных дуа (дұға).
Большинство из молитв взято из Сунны и Корана.
Ораза дұғасы
Ауыз бекіту (сәресі) дұғасы
«Уа би сауми ғадин науайту мин шахри рамадан» (Абу Дауд)
Аудармасы: Рамазан айының оразасын Алла ризашылығы үшін ұстауға ниет еттім.
Ауызашар дұғасы
«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту»
Аудармасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір»
Тарауих намазының тәсбихы
«Субхаанә зил-мүлки уәл-мәләкүүт. Субханә зил-иззәтә уәл-азамәти уәл-құдрати уәл-кибрия-и уәл-жәбәруут. Субханәл-мәлики-хаййл-ләзи лә йәмуут. Суббуухун құддуусұн раббүна уә раббүл-мәләәикәти уәррууһ. Ләә иләәһә иллаллаһү нәстәғфирұллааһ нәсәлүкәл жәннәтә уә нә узү бикә минәннар».
Аудармасы: Патшалық және мүліктер иесі Алла пәк. Үстемдік, ұлылық, құдірет, үлкендік және өктемдік иесі Алла пәк. Өлмейтін (мәңгі) тірі (патшалардың) патша Алла пәк. Өте пәк, тым кіршіксіз Раббымыз, әрі періштелердің Раббы, әрі Жәбірейілдің Раббы, Алладан басқа ешбір Жаратушы жоқ. Алладан жарылқау тілеймін. Я, бір Алла! Сенен жәннат тілеймін және тозақ отынан сақта деп саған сыйынамын.
Ауырғанда оқылатын дұға
Бірде Осман ибн Әбу әл-Ас (р.а.) Алла елшісіне (с.ғ.с.) бойындағы жанын жегідей жеген дертін айтып, мұңын щақты. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.) оған: «Денеңнің ауырған жеріне қолыңды қойып, үш рет «Бисмилләһ» деп айт. Содан кейін жеті қайтара «Әғузу бииззәтилләһи уә құдратиһи мин шәрри мә әжиду уә ухазиру» (Жаныма батқан мына дерттен және қауіптенген басқа да ауру-сырқаудан Алланың ұлылығы мен шексіз құдіретіне сиынамын) деген дұғаны оқы», – деп айтты.
Таңертең ұйқыдан оянған кезде айтылатын дұға
Бізді жан тапсырған соң қайта тірілткен Аллаға шүкір! Әрі біз Оған қайтушымыз.
«Әлхәмду лилләһил-ләзи ахйәәнә бәъдә мә әмәәтәнә уә иләйһин — нушур».
Неліктен әжетханаға кірер кезде дұға оқимыз? Себебі, әжетханада жын-шайтандар болады. Сондықтан да Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әжетханаға кірер кезде осы дұғаны айтқан:
Ей, Алла! Шын мәнінде, мен ер және әйел жын-шайтандардан Өзіңе сыйынамын.
«Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл -хубси уәл-хабәис»
Әжетханадан шыққан кезде айтылатын дұға
( Ей, Алла! ) кешіріміңді сұраймын.
«Ғуфранәк»
Бірде сахабалардың бірі: «Я, Алла Елшісі, расында біз тамақ жеп, оған тойына алмаймыз!» — деді. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендер бөлек тамақ ішетін шығарсыңдар?» — деп сұрайды. Олар: “Иә”, — дейді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Онда тамаққа жиналып, Алланың есімін айтып жеңдер, сонда сендерге тамақтың берекесі болады», — деген (Әбу Дәуд)
Тамақтанар алдында оқылатын дұға
Ей, Алла! Бізге бұл тамаққа береке бер және бізге одан жақсысын нәсіп ет.
«Аллаһуммә бәрик ләнә фиһи уә атъимнә хайрам-минһ».
Немесе, «Бисмилләһ» (Алланың атымен ) деп айтуларыңызға болады.
Киім кигенде оқылатын дұға
Маған бұл (киімді) кигізген, әрі оны маған өз тарапымнан ешбір күш-қуат жұмсамай тұрып нәсіп еткен Аллаға мақтау – мадақтар болсын!
«Әлхәмду лилләһил-ләзи кәсәни һәзә ( әс сәубә) уә разәқаниһи мин ғайри хаулин минни уә лә қууәһ».
Алла Тағала Құранда: «Әй, Адам ұрпақтары! Сендерге ұятты жерлеріңді жабатын киім түсірдік…» — деген. («Аъраф» сүресі, 26-аят). Ал өмірі бүкіл адамзатқа үлгі болған Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жаңа киім кигенде осы дұғаны айтып, Алладан пана тілейтін. Себебі, жаңа киімді берген де, оны киюді нәсіп еткен де – Алла Тағала. Егер соны есіңізден шығармай, Аллаға мақтау, шүкірлік айта алсаңыз, киген киіміңіз берік, берекелі болмақ. Ендеше, «Жаңа киім ки, сыйлы өмір сүр!..»
Киім шешкенде айтылатын дұға
Алланың атымен (бастаймын).
«Бисмилләһ”
Үйге кірер кезде оқылатын дұға
«Бисмилләһи уәләжнә, уә бисмилләһи харажнә, уә ъалә раббинә тәуәк-кәлнә».
Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық. Раббымызға тәуекел еттік. (Кейін үй ішіндегілерге сәлем берсін делінген).
Үйден шыққан кезінде оқылатын дұға
Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім. Алла (Тағаланың) күш–қуатынан асатын ешқандай күш – қуат жоқ.
«Бисмилләһ, тәуәккәлту ъаләллаһ, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ».
Үйге кірер кезде оқылатын дұға
Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық. Раббымызға тәуекел еттік. ( Кейін үй ішіндегілерге сәлем берсін делінген).
«Бисмилләһи уәләжнә, уә бисмилләһи харажнә, уә ъалә раббинә тәуәккәлнә».
Егер адам үйіне кірерде және ас ішер алдында Алла Тағаланың есімін тіліне тиек етпесе, онда шайтан өзінің нөкерлеріне: “Бізге бұл үйде орын да бар, тамақ та бар”, — деп қуанады. Ал егер ол үйіне кірерде және ас ішер алдында «Бисмилләһ» (Алланың атымен) деп Алла Тағаланың есімін атаса, шайтан: “Бұл жерде бізге орын да, тамақ та жоқ!”, — деп қашады. (Муслим)
Періште бар жерде шайтан болмайды. Ал шайтан жоқ үйде бақыт пен береке, татулық салтанат құрады!
Көлікке мінген кезде айтатын дұға
Алланың атымен, Аллаға шүкір!
«Бисмилләһ(и), әлхамду лилләһ”.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұйқыны “өлiмнiң сыңары”, “кiшi өлiм” деп атаған. Хадистегі «жан тапсырып (ұйықтап), тірілемін (оянамын)» деген сөздер соны меңзейдi. «Алла түнде сендердің жандарыңды алады және күндіз не істегендеріңді біледі» («Әнғам» сүресі, 60-аят)
Жолға шыққанда айтатын дұға
Әуелі лажы болса жол жүрерде»Сапар намазын»оқып,»Ей,Аллаһ,өзіңе өзімді тапсырдым,түрлі қауіп-қатерден сақтай көр.Тәуекел еттім«деп ниет етіледі. Содан соң мына дұғаны оқысын:
«Бисмилләһи,тәуәккәлту ъалал-лаху уә лә хаулә уә лә қууатә иллә билләһи«делінеді және де мүмкіндік болса,әрдайым жол жүрерде садақа беріп,шыққан пайдалы. Өйткені садақа адам баласына төніп келе жатқан пәлекетті қайтарады.
Ұйықтар алдында оқылатын дұғалар
Екі алақанын біріктіре жайып, көкірек тұсына әкеледі де, кейін: «Ықылас», «Фәлақ», «Нәс» сүрелерін оқып, алақанына үрлеп дем салады. Кейін Әятул – Курсиді оқиды.