Сборник поздравлений с Днем рождения на казахском языке.
Выберите в блоке навигации раздел поздравлений.
Балаға, ұлыма, қызыма
Қылығымен күлдіретін апасын,
Туған күнің құтты болсын, балашым.
Елің сыйлар азамат боп келешек,
Қуантарлық мамасы мен папасын.
Ақылды боп немересі атаңның,
Бақыты бол шөбересі әжеңнің,
Тілің менен қылығыңды қызықтап
Еркелетсін деп өзіңді «Тентегім».
*** *** ***
………….. пен ……….. қызығысың
Икемді боп әр нәрсеге өсе берсін.
Рахатыңа бөленіп әке-шешең,
Ата-әжең қызығыңды көре берсін.
Сен едің арманы бәрінің де,
Бала деген бауыр ет әлі күнге
Інің болсын артыңда арқа сүйер,
Риза болып қызықтасын әке-шеше.
…… жылы жайлы болсын келген міне
………… үй алыңдар өздеріңе
Сәлемі ағаңның қабыл болып,
Шалынсын құлағына періштенің.
*** *** ***
Алмастай жүзі өткір бол қайратты,
Лайықты өз атыңа бол сымбатты.
Мамаңның ақ сүтін ақтағаның,
Ақылды боп өсіп сүйсең адалдықты.
Саған айтқан тілек орындалар,
Құлағына шалынып періштенің.
Әкеңнің артындағы ат шығарар,
Шаңырақтың иесі болып өзің.
*** *** ***
Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол!
*** *** ***
Әке-шешесінің бал-шекердей тәтті қызының дені сау, жасы ұзақ болсын. Ата-анасының, нағашы ата-әжесінің қуаныш-қызығы болып жүре берсін.
Жасқа толған құлыншағым,
Қандай тәтті шырын шағың.
Ата-анаңның құшағында,
Ұзақ болсын ғұмыр бағың.
Денсаулығың мықты боп,
Гүлдей жайнап жүре бер.
Болашақта бақытты бол,
Мұратыңа жете бер.
*** *** ***
Өмірдің жазынан, күзінен,
Әр батқан кеш сайын, таң сайын,
Шұғыла нұр шашар жүзінен,
Болшы сен ел сыйлар ханшайым.
Бұйырған маңдайдың бағына,
Бір сенде — құт пенен дәулет те.
Ақ сәуле төгетін жаныма,
Жұлдыз боп тудың сен әулетке.
*** *** ***
Достым, сені әке болуыңмен, ал жарыңды ана болуымен құттықтаймыз. Сендердің шаңырақтарыңды қуанышқа бөлеген дүниеге келген сәбидің бауы берік болсын, өмір жасы ұзақ болсын. Тезірек ер жетіп, сендердің қолқанаттарыңа айналсын. Артынан іні — қарындастарын ерте берсін! Ендеше осы кішкентай өмірдің жалғасы және оны дүниеге келтірген ата — анасы үшін!
*** *** ***
Ұлы ғұламалар «әрбір адам дүниеге келгенде аспанда жаңа бір жұлдыз жанады» деп айтқан екен.
Міне, дәл қазір түнгі аспанға нұрын шашып тұратын жұлдыздардың саны біреуге көбейді. Жарық дүние есігін жаңа ашқан мынау періштеміз де сол жұлдыздай жарқырап ортамызға қуаныш алып келді.
*** *** ***
Өмірге келген сәбиімізге Алла тағалам мықты денсаулық, бақыт, ұзақ өмір берсін. Аман — есен ер жетіп, елінің айтулы азаматы болсын!
*** *** ***
Тілерім енді менің жалғызыма,
Сәлем бермей өсірген хан қызына.
Немеремді иіскеп кетсем, шіркін,
Арманым жоқ дүние базарында.
*** *** ***
Сәби ұзақ ғұмырлы болсын,
Өмірі көркем көңілді болсын.
Ата-анасына мейірлі болсын,
Ағайын жұртқа пейілді болсын.
Бөбегіңе Фарабидің басын бергей,
Әміренің әнін бергей.
Сәкеннің сәнін бергей,
Жүсіптің дидарын бергей,
Мұхамбеттің иманын бергей.
Ләйім Қыдырдың назарында,
Бақыттың базарында жүрсін!
Анама
Сан жылдардың жүзі болса да бір-біріңізге деген құрмет ортаймасын. Сыйластықтарыңыздың сыры кетпесін. Әрқашан анашым сый-құрметке бөленіп жүре беріңіз.
*** *** ***
Бар жақсысын маған беріп, аялы алақанымен мәпелеген анашым, жүрегімнің түкпірінде әрдайым сақтап жүретін ыстық махаббатымды сізге сөзбен жеткізгім келеді. Тағдырдың жазуымен бұйырған бізді аялап, осы күнге жеткізу үшін талай ұйқысыз да күлкісіз түндерді өткізгеніңізді білемін. Мұның қаншалық азап екенін, баланы тәрбиелеу қаншалықты қиын екенін енді ғана біліп жатырмын. Сол себепті әр атқан таңымды сізге алғыс айтудан бастаудан жалықпаймын. Отбасын құрып, бөлек кетсем де, әрдайым ыстық ұяма асығып отырамын. Жабыққанда сағынышымыз, тарыққанда ақылшымыз бола білген асылымыз, әрдайым денсаулығыңыз мықты болсын! Құдай сіз бен әкеме алдағы уақытта тек бақытты күндерді жазсын!
*** *** ***
Ананың аяулы алақаны мен жылы жұрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Сондықтан да біздің аяулы аналарымыз бен ардақты әкелерңмңз аман болсын.
*** *** ***
Қымбатты мама!
Бұл күнде сізге перзенттік махаббатымыз жүрек түпкірінде әрдайым тербетіп жүретін ең ізгі де ыстық сезімімізді білдіргіміз келеді. Тағдырдың жазуымен бұйырған бес тал гүліңізді бір өзіңіз аялап, бізді жеткізсем деп талай күндеріңіз бен түндеріңізді күлкісіз де ұйқысыз өткізгеніңіздің қандайлық азап екенін алдымыз балалы болып, соңымыз сізге күйеу бала мен немере қуанышын сыйласақ деген ойда жүргенде жете түсінгендейміз. Содан да болар, жан-жаққа тарап кетсек те есіл-дертіміз өзіңіз жылытып отырған алтын ұямызда, «алтындарымның бірі келіп қалар ма екен», деп үлкен жолға үнемі көз тігіп жүретін өзіңізде. Торыққанда — ақылшымыз, жабыққанда — сағынышымыз, өзіңізсіз. Мынау өмір сіз арқылы қызық, мағыналы, қымбат. Құдай сізге алдағы кезде тек бақытты ғұмырын бергей.
Әлпештеген, аялап асыраған,
Аяулы ана, ақ ниет асыл адам.
Ұрпақ үшін тірлікке нұрын төккен,
Қиын-қыстау күнде де жасымаған.
Сыздағасыз,
Сан рет мұздағасыз,
Шәкіртке де,
Бізге де ізгі анасыз.
Бағымыздың бұлбұлын сайрататын,
Жанымыздың жайлауы Сіз ғанасыз.
Лаулаймыз да, Сіз барда жанамыз да,
Қосып сізді сан әнге, сан аңызға.
Аялаған аққуын айдындай боп
Асыл Ана, жүре бер арамызда!
*** *** ***
Аяулы Ана! Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын! Әрқашан Алланың назарында, бақыттың базарында шалқып тасып жүре беріңіз! Сізге сарқылмайтын денсаулық, таусылмайтын бақыт тілейміз! Арамызда бүгінгі күндей жарқырап, күліп-ойнап жүре беріңіз!
Өмірдің әр қырынан іздеп арай,
Бақыт құсы самғасын Сізге қарай.
Алпыстың асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!
*** *** ***
Бүгін — анамыздың туған күні. Осыған орай, ардақты да асыл анашымызды шын жүрегімізден құттықтаймыз. Деніңізге саулық, шаңырағыңызға ырыс-байлық, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы қалпыңыздан танбай, жетістіктен жетістікке жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын. Жүзіңізден шуақ кетпей, ғұмыр бойы мәз-мейрам болып, өмірдің қызығына тоймай, ортамызда жүре беріңіз. Дос-жаран мен туған-туыс алдында абыройыңыз артып, аңсаған армандарыңыздың асуларына шыға беріңіз. Жұлдызыңыз жоғары, мерейіңіз үстем болып, қуанышқа кенеліңіз.
*** *** ***
Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.
Ана, жаным, жүре берші қасымда,
Сен өтпеген, бәлкім, осы асу ма?
Әркез маған бата беріп жол нұсқап,
Айтатынсың: «Құлыным-ау, жасыма!».
Сұм тағдырды кешіп өттің басымнан,
Сондықтан да ширақ болдың жасыңнан.
Кешір ана, қателессем кеше көр,
Бірақ алыс кете көрме қасымнан.
Әкеме
Өмірде сүйенетін асқар тауым Әкешім…Дүние есігін ашқан күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!Әрқашан жанымызда сүйенетін асқар тауымыз,шынайы бақытымыз болып жүре беріңіз..
Дүниеге келген күніңізбен,
Құттықтаймын мен сізді..
Аман жүріп әрқашан,
Қуантыңыз сіз бізді..
Сүйенерім әкешім,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Жанымызда әрқашан,
Тірек болып жүріңіз.
*** *** ***
Асқар тауым — әкешім, бүгінгі туған күніңіз құтты болсын! Әр туған күнде әдемі сөздер мен тілектер айтылып жатады. Менің қолымнан дәл осылай сөзді әсемдеп жеткізу келмесе де, сізге айтар алғысым шексіз. Өмірге тәй-тәй басқан сәттен сіздің қолдауыңызды көріп өстім. Жүрегім алабұртып, алдым тұманданған сәттерде өзіңізді іздеп тұрамын. Құдды маған кез келген уақытта дұрыс бағыт сілтеуге дайын Жетіқарақшы секілдісіз. Осы күнге дейін анам екеуіңізді шалалықпен көп ренжіттім. Бірақ, ешуақытта кеудемнен итеріп, теріс айналған емессіздер. Сол себепті сіздерге рахмет!
Болат қандай берік болса, сіздің де денсаулығыңыз дәл солай мықты болсын. Шырша қандай жасыл болса, сіздің де күндеріңіз дәл солай мәңгі қуанышты сәттерге толсын! Мәртебеңіз асқар таудан асып түссін. Ең бастысы, әрдайым сіздің атыңызға кір келтірмеуге лайық боламын деп уәде беремін. Анам екеуіңіз біздің ортамызда күліп-ойнап жүре беріңіздер!
*** *** ***
Әкешім, бала кезде де, осы жаста да өзгеден кем етпей бәрін бердің: махаббатты да, жылулықты да аямадың. Бүгін осы жасқа келіп, есейсек те, өзіңнің сол баяғы кішкене балапандарың боп қала бермекпіз. Сенің орның жүрегімізде ойып тұрып орын алады. Бақытты болуың, сенің тәрбиеңді алып, үмітіңді ақтау – өмірлік мақсат. Сен аман бол, жасыңа жас қос! Қартайма, жасыма! Біз, балаларың, қасыңдамыз!
*** *** ***
Әр күнің шаттыққа толып, бүгінгідей қуаныштың ортасында жүре бер! Жамбыл атамыздың рекордын жаңартып, тән мен жан сұлылығын, ақылсақтауыңа жаратушым нәсіп етсін. Денің сау, басың аман болсын! Сенің қасыңда өзіңді жақсы көретін сүйікті балаларың, немерелеріңнің барын ұмытпа.
*** *** ***
Жүзіңіз нұрға толып, қуанып, шаттанып жүре беріңіз, мерекеңіз ұзағынан болсын! Сізді бүгінгі қуанышыңызбе шын жүректен құттықтаймын! Біздің қуанышымыз, асқар тауымыз боп жүре беріңіз! Ғұмырлы болыңыз! Тәтті немерелердің қызығына тоймай жүруді жазсын!
*** *** ***
Әрбір адамның өмірге үлгі тұтар тұлғасы болады. Бала кезде қаһарман, батыр, ерлер жайлы шығарма жаздыртқанда, менің ұқсағым келетін бір ғана адамым болды. Ол — өзің болдың, әке. Қуанышыңмен құттықтап, саған әлемнің бар жақсылығын тілегім келеді. Көңілің ортаймай қасымызда ойнап-күліп жүре бер!
*** *** ***
Менің әкемнің әрбір айтқан кеңесі тура және дәл болатын, керегіне жарайтын. Сенен ерлік пен батылдықтың өнегесін алдық. Өзің сияқты сыйлайтын, именетін адам жоқ шығар, бұл дүниеде! Менің жетістігіме шынайы қуанасың, ал мен сенің көңіліңе қаяу түсірмеуге уәде етемін! Жүз жаса, ауырма! Туған күнің құтты болсын!
*** *** ***
Қиын сәтте әрдайым өзіңнен қолдау таптым. Ақылдылығың мен даналығыңды, немере, шөбереңе үлгі, өнеге етуді жазсын! Осы уақытта біліп, білмей ренжіткен сәттерімізді кешір. Балалықпен, шалалықпен көңіле қаяу түсірген уақыт болса, айып етпе. Сен бізде жалғызсың. Өзіңдей жақын жан бұл өмірде жоқ. Аман бол, әкетай!
*** *** ***
Әке мен шеше бізді дүниеге әкелген «жаратушыларымыз». Физикалық, рухани тұрғыда осы кісілердің ықпалы мен әсері арқылы өсіп өнеміз. «Әкесіне қарап ұл өсер» дейді қазақ. Менің мықты болғаным әкемнің арқасы деп білем, менің беделімнің болғаны тәрбиемнің көрсеткіші деп есептеймін. Осы орайда, әке, сені жақсы көретінімді айтқым келеді. Маған бергеніңді қор етпейм, келешегіме жеткізем. Сенің сау болғаның, осы қалыпта ақыл-кеңесіңмен бөлісіп, тура жолды нұсқап отырғаның керек. Жасыңа жас қоса бер!
*** *** ***
Дана, көреген, парасатты – осы қасиеттер бұл жанның бойында тоғысқан. Туыс, жақындарыңыз, әріптестеріңіз арасында қадірлі боп, еңбегіңіздің жемісін жеп жүре беріңіз!
Әпкеге
«Әпкем» деймін мақтанамын өзіңмен,
Мейірім төгер тура Анамдай көзіңнен.
Қарайлаумен артына ерген бауырына,
Бақыт тілеп әр түнде көзін ілген.
Қорғанышым өзіңсің, сүйенішім,
Сүрінгенде дем берген тіреуішім.
Қуаныштың көлінде тек күліп жүрші,
Бәріне де жетеді сенің күшің.
*** *** ***
Үлкен деп сені сыйлаймын,
Қырлардан гүлді жинаймын.
Шаттанып әркез күлсін деп
Айтқаныңды тыңдаймын.
*** *** ***
Үлгі болар әсем жансың ініге,
Жанашыр боп қорғаштайсың күніге.
Қабағымды шытпасын деп бәйек боп,
Қайта-қайта жалтақтайсың түріме.
Бүгін сенің туған күнің не берсем,
Әлемнің бай адамына теңелсем.
Сыйлар едім бар жақсыны сен үшін,
Тек әзірге мықты бол деп дем берсем.
*** *** ***
Әпкемтайым, ренжімеші, күлімде,
Күліп жүрші мына туған күніңде.
Осы сәттер енді айналып келмейді
Ашық күнді бұлт басқандай түрің не.
Шат көңілмен билеп басып тұрайық,
Тілек тілеп саптың басын құрайық.
Абыройың асып-тасып шалқысын,
Бір АЛЛАДАН бақ берші деп сұрайық
*** *** ***
Қолыма қалам алып хат жазамын,
Бақытың қайтармасын бар базарын.
Алыстан ыстық тілек жолдауменен,
Тілеймін мұң шалмасын мәңгі ажарың.
Тілеймін жар көңілдің адалдығын,
Балалардың бақытын, амандығын.
Апатай, жанұяңмен бақытты бол,
Ыстық сәлем жолдаймын саған бүгін.
*** *** ***
Қанша адамды танысам да,
Таныстарға жарысам да,
Жетпейді екен өзіңе ешкім мүлде.
Үміт отын жанысам да,
Қайратымды қарысам да,
Әпкетай, қадіріңді кеш білгем бе.
*** *** ***
Мейрамыңмен құттықтаймын, Әпкешім,
Бүгінгі күн айтылмасын өкпе-сын.
Тілегіңді бере көрсін Жаратқан,
Бақтың құсы қусаң дағы кетпесін.
Ағама
Ағатайым, арқа сүйер ақылшым,
… астан асып бара жатырсың.
Ортаймасын күлкі күнің ешқашан,
Бақыт тілеп өмір таңын атырсын.
*** *** ***
Аға десе асқар тау елестейді,
Сен дегенде көңілім егеспейді.
Денің сау боп отбасыңа бас болшы,
Ешбір жан өзіңменен теңеспейді.
*** *** ***
«Ағасы бардың жағасы бар»,
Асқар таудай панасы бар.
Алдыңа бастау жолды көрсететін,
Жанашыр адал көңіл санасы бар.
Аман жүр,аға, жеңгеммен,
Жан бар ма саған тең келген.
Несібең тасып, бақ қонып,
Тірегім болшы дем берген.
*** *** ***
40-тың қырқасына шықтың,Аға,
Бола білдің ініңе ақыл, жаға.
Істеріңе тәнті болам адал жүрек,
Бағалаймын 100-бен тек берсем баға.
Отбасыңның, еліңнің тірегісің,
Елжіреген кішіге жүрегің тым.
Ауырма, бақыт бағы ашсын есік,
100-ге жет жеңгемменен тілерім шын.
*** *** ***
Бастауысың әр істің,
Қайнарысың бар күштің.
Ағатайым, құт болсын,
Туған күнің табыс күн.
*** *** ***
35-ке толды ағам бүгінде,
Шаттанамын сенің туған күніңде.
Шаңырақты көтерген керегесің,
Мақсатыңа жетіп әркез күлімде. 60 жас асқаралы таудай екен,
60 жас шалғынды жер баудай екен.
60 жас 6 аттамдық жерде емес,
60 жас алыстардан арбайды екен.
Сол, 60-тың жалын тартып ерттедіңіз,
Байлық болсын әрқашан еккеніңіз.
Деніңіз сау,жарыңыз аман болсын,
Оралсын бақыт болып өткеніңіз.
Досыма
«Бақыт деген досыңның — қабағында, жарынның — жанарында» дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер.
*** *** ***
Туған күніңмен досым?. Саған бар жақсылықты тілеймін✨. Ғұмырың ұзақ болсын, ауырмай шаршамай əрқашан күлімдеп жүр. ? Саған екі дүние бақытын тілеймін?. ата-анаңның мақтанышы болып биік белестірге сүрінби жет. Достарыңның жанында биік тұрып бауырларыңның сүйеніші бол.
*** *** ***
Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.
Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай
ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.
Досым, алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер!
*** *** ***
Туған күн ерекше күн әрбір жанға
Жан досымды асықтым мен құттықтауға
Бар бақытты тіледім бір өзіңе
Армандарың орындалсын бұл өмірде
Денсаулығың мықты боп әрқашанда
Жүре берші жадырап ортамызда
Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!!!
*** *** ***
Бағалым, сені бүгінгі туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Айналамда жақсы адамдар көп, бірақ олардың бәрін бірдей адал дос деп айта алмаймын! Мені өзіңмен өмірдің бір арнасында тоғыстырған тағдырыма ризамын! Шын жүректен өзіңе лайықтының барлығын алғаныңды қалаймын. Көреалмаушылардың жамандығынан сақ болып, алдыңға қойған мақсаттарыңа жете біл. Өзіңе ғашық жандар әдеттегідей көп болғай! Берекелі отбасы мен адам айтса нанғысыз табыстарға жетуіңе тілектеспін! Ең бастысы, әрдайым жаныңнан табылып, қуанышың мен қайғыңды бөлісуге дайын екенімді біл!
*** *** ***
Бауырыма, ініме
Менің сүйікті бауырым, бүгін ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа кезеңі басталғалы тұр. Жасың кіші болса да, бойыңнан табылған көшбасшылыққа, қарапайымдылық пен мейірімділікке қызыға қараймын. Осы қасиеттеріңнің арқасында діттеген мақсаттарыңа жетіп, әлемдегі ең биік шыңдарды бағындыруыңа тілектеспін! Бүгін ғана емес, әр атқан таңда саған шын жүректен әлемнің бар жақсысы мен асылын, қуанышы мен бақытын тілеуден жалыққан емеспін. Сүйікті ісің мен жақсы көрген адамың мәңгілік серігің болсын! Қайда жүрсең де, менің өзіңе тілекші екенімді, қиын сәтте қол ұшын созып, қуанышыңа бір кісідейін атсалысуға дайын екенімді ұмытпағайсың. Алла-тағала пешенеңе тек бақытты күндерді жазсын!
*** *** ***
Бүгін сенің туылған күнің — төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып — қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!
*** *** ***
Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын.
Бүгін мынау сенің туған күнінде, қандай тілек айтсам екен бауырым.
Саған, байлық тілер ем, бірақ ол бір әнгүдік, есігіңнен кіргенмен таң күліп
Жүргенімен шеру тартып таң құрып ,саған жолдас болмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен,ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.
*** *** ***
….., сені туған күнімен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!
*** *** ***
Інім барда тыныс алам жүрекпен
Жүрегімнің бақшасына гүл еккен
Туған күнін құт әкелсін басыңа
Тату тәтті айтылған мына тілекпен
*** *** ***
Інімнің болып жатыр бүгін тойы,
Бір болған бауырымен арман-ойы.
Қанатың қатайыпты қанат қақтың
Қуаныштың ортаймай шатты тойы.
*** *** ***
Туған күнің құтты болсын, бауырым,
Аңсағанда іздеп келер ауылым.
Шаңырақтың шайқалтпайтын иесі
Тағдыр саған төксін бақыт жауынын.
Қарындасыма, сіңіліме
Ата-анасының еркесі, асылым, бүгінгі туған күнің құтты болсын! Кеудеңде лүпілдеп соққан жұдырықтай «моторың» ақаусыз жұмыс істеп, жүз жаса! Алда сені көптеген сынақ пен қуанышты сәттер қол бұлғап тосып тұр. Өмірің ой-шұңқыр оқапсыз, тегіс әрі кең болсын деп тілеймін! Сүрінген сәтте сүйеп тұрғызар аға-әпкелерің, қуанып жүгіріп келгенде маңдайыңнан сипар жандардың барын бір сәтке де жадыңнан шығарма. Біз үшін сенің жетістіктеріңнен бөлек, осы дүние есігін ашқаныңның өзі бақыт! Өмір жолың шаттық пен бақытқа толы болсын!
*** *** ***
Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленген күн болмаса да, әлемде осы сәтке жетер тамаша күн жоқ. Себебі, бұл біздің әлем, біздің шағын ғана отбасы өзіңмен толыққан күн. Зор денсаудық пен сарқылмас бақыт тілеймін, еркем!
*** *** ***
Айналайын, ақ маңдай қарындасым,
Алға сүйрер арманың сарқылмасын.
Қайырылмасын қанатың топшысынан,
Ешқашан да заманың тарылмасын.
Толықсыған қарындас жадымдасың,
Жадымдасың, ендеше жанымдасың.
Бұйыртса әлі талай жүздесерміз,
Әзірге сәлемдесу арылмасын.
Айдынды шалқар көлдің аққу сәні,
Аруларға жарасар гәкку әні.
Қарындас туған күнің құтты болсын
Құттықтау, есте қалу — өмір мәні.
*** *** ***
Күл, жайна!
Білмей өткін мұңаюды,
Шашу ет жүректегі шуағыңды.
Жүрейік бақытыңа куә болып,
Шалқыған шаттық жусын шырайыңды.
Жаз мінез, шат күлкіңмен нұрланды күн,
Жол ашқан қуанышқа думан бүгін.
Тілейміз аппақ гүлдей аппақ тілек,
Қарындас, құтты болсын туған күнің!
*** *** ***
Менің кішкентайым, сүйікті сіңілім, бүгін біз үшін өте маңызды күн, сіз бізде келген күн! Қымбаттым, мен саған ештеңеден қорықпауды және өмір бойы мақтанышпен жүруді, әрқашан күлімсіреп, басқаларға жылулық пен қамқорлық көрсетуді, осы әлемде өз жолыңды табуды және ең бақытты болуды тілеймін! Ұмытпа, Мен әрқашан қасындамын!
*** *** ***
Менің жаным және сүйікті сіңілім, мен сені шын жүректен жақсы көремін және саған көңілді, мейірімді және ашық болуды тілеймін! Өміріңнің әр сәті сізге тек рахат, қуаныш пен сәттілік болуды тілеймін!
*** *** ***
Қалқам сіңілім, құттықтаймын сенің туған күнімен құттықтаймыз! Сүйікті бол және бақытты бол, сау және сәтті, табысты және әдемі болуынды тілеймін. Барлық армандарын орындалсын, айналанда тек позитивті адамдар мен сенімді достар болсын. Туған күніңмен!
Құттықтау сөздер
Туған күніңмен құттықтаймын! Денсаулық кетпесін, бақыт пен қуаныш әрқашан болсын. Сізге шексіз сәттілік, жылулық пен бейбітшілік тілеймін. Өмір тек оң сәттерді берсін, ал қамқоршы періште қиындықтар мен бақытсыздықтардан қорғасын.
*** *** ***
Туған күніңмен! Бақыт пен күлкі теңізі. Қойылған мақсаттарды іске асыруға Шабыт. Өмір өзінің әсемдігімен және болжамсыздығымен қуансын. Қуан әрбір күніне және бұл эмоцияларды басқадаға сыйла.
*** *** ***
Деніңіз сау болсын, аспаныңыз ашық болсын. Өмір деген ұлкен белестің тайғақ жерінен таймай, сулы жерінебатпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұраттарыңызға жете берулеріңізге тілектеспіз.
*** *** ***
Өмір жыры таусылмасын мәңгілік, Тұрсын алдан арайланып таң күліп, Бақыт болсын әрқашанда жолығар, Шаттығыңыз тау суындай молығар. Тілеймін бақытты өмір ашық аспан, Жалғанда тілек бар ма одан асқан. Аман боп жанұяң мен бауырларың, Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!
*** *** ***
Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспін. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа — гүл, келбетіңе — нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа — жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа — амандық, денiңе — саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың — асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың — гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлеймін!
*** *** ***
Сенің туылған,ал анаңның-туған күніңмен! Бақытты бол! Өмір жасың ұзақ болсын! Денсаулығың мықты болсын! Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпесін! Бүгінгі ерекше күніңді жақсы өткіз! Аллам саған екі дүниенің бақытын нәсіп етсін! Туылған күніңмен ? .
*** *** ***
Бүгінгі тойыңыз ырыстың бұлағы болсын. Отбасыңыз үбірлі, шаруаңыз дүбірлі болсын. Алдыңызда ақ мол болып, басыңызға бақ келіп қонсын.
*** *** ***
Туған күніңмен құттықтаймыз! Сізге денсаулық, сәттілік, махаббат, бейбітшілік, жақсылық, күлкі, амандық тілейміз. Барлық армандар орындалсын. Өмір ұзақ және тегіс, жарқын және есте қаларлық оқиғаларға толы болсын!
*** *** ***
Туған күніңмен құттықтаймын! Сізге әдемі өмір тілеймін және оның әр бұрылысында әрдайым керемет оқиғалар болсын. Сізге қуаныш пен денсаулық үшін көптеген себептер тілеймін! Әр таң бақытты және шуақты болсын.
*** *** ***
Туған күніңізбен құттықтаймын, барлық мақсаттарға жету үшін барлық жақсылықты, шабыт пен табандылықты тілеймін және барлық армандар орындалсын.
*** *** ***
Туған күніңмен құттықтаймын! Сәттілік, бақыт, сиқыр, барлық күш-жігерде сәттілік, Адал достар, Махаббат және күн шуақты көңіл-күй тілеймін. Әр таң сайын бір кесе шай мен қуанышты күлімсіреуден бастауын тілеймін!
*** *** ***
Сіздің туған күніңіз жарқын түстерге, жағымды тосынсыйлар мен қуанышты позитивтерге толы болсын! Сіздің бүкіл өміріңіз шексіз бақыт пен қуанышты сәттерден тұрсын! Сізге шынайы күлкі, жақсы достар және өзара махаббат тілеймін!