RU KZ EN

Документ "Трудовой договор русский и казахский"

Шаблоны, образцы, бланки, документов РК - договоры, приказы, акты, заявления, доверенности, соглашения, уведомления и прочее - скачать бесплатно в Казахстане

Трудовой договор русский и казахский

Текст бланка документа "Трудовой договор русский и казахский". Ссылка для скачивания образца расположена в конце страницы.

___ ЕҢБЕК ШАРТЫ

___________ қаласы

Индивидуальный предприниматель, заңды мекенжайы: , _________, мекенжайы бойынша тұратын, бұдан әрі «Қызметкер» деп аталады, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесе отырып «Тараптар» деп аталады, төменгілер жайында осы шартты, бұдан әрі «Еңбек Шартын» жасады:

Шарттың мәні

1.1. Жұмыс беруі Қызметкерге .

(қызмет, мамандық атауы, оның құрылымдық бөлімшесі немесе белгілі жұмысты орындау уақытына) ретінде жұмыс береді.

1.2. Қызметкердің жұмыс орнындағы еңбек жағдайы ауыр, зиян және қауіпті жұмыстарды орындауды қарастырмайды.

1.3.Жұмыс Қазақстан Республикасы,

1.4. Қызметкер еңбек құқықтарын жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек туралы заңнамасының, жұмыс беруші актілерінің (ішкі еңбек тәртібі қағидалары, лауазымдық нұсқаулықтың және т.с.с.) сондай-ақ ұжымдық шарттың және осы Еңбек шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырады. Қызметкер арнайы нормативтік актілермен ретелген мамандығы, кәсібі және/немесе атқарып отырған қызметі бойынша жұмысты орындаған жағдайда Қызметкер ондайлармен танысуға және оларды өзінің еңбек фукциясын жүзеге асыру процесінде басшылыққа алуға міндетті.

1.5. Осы шарт негізінде атқарылатын жұмыс қызметкердін енбек қызметі бойынша негізгі жұмыс істеу орны болып табылады.

Еңбек шартының қолдау мерзімі

2.1. Осы мен 23.01.2021 аралығын қоса алғанда 1 (бір) жыл мерзімге жасалды.

2.2. Егер Еңбек Шартының мерзімі аяқталған кезде Тараптардың бірде-біреуі соңғы жұмыс күні ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпген жағдайда, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.

2.3. Қызметкер ____ ______________ 20__ ж. кешікпей жұмысқа кірісуге міндетті.

2.4. Қызметкерге ________________________________________ сынақ мерзімі белгіленеді.

3. Жұмыс уақытының режимі және демалу уақыты

3.1. Қызметкер үшін түскі асқа 1 сағат үзіліспен ұзақтығы 8 сағат болатын жұмыс уақытының толық режимі бес күндіқ жұмыс аптада, бекітілгіен еңбек тәртібінің ережесі бойынша екі күндік демалыспен белгіленеді.

3.2. Қызметкердің жеке санаты үшін ауысымдылықтың бекітілген графигі негізінде ауысымдық режим белгіленеді. Ауысымдылық графигі Еңбек шартын жасаған кезде Қызметкерге мәлімет ретінде жеткізіледі, ауысымдылық графигіне енгізілген өзгерістер Қызметкерге оларды енгізгенге дейін 30 (Отыз) күнде мәлімет ретінде жеткізіледі;

3.3. Қызметкерге егер өзге күн саны Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерімен, ұжымдық шартпен, Жұмыс берушінің актілерімен қарастырылмаса ұзақтығы кемінде 24 (Жиырма төрт) күнтізбелік күн болатын төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.

Еңбекке ақы төлеу

4.1. Егер Қызметкермен еңбекке ақы төлеудің мерзімді жүйесі аясында ай сайынғы еңбекақы күйінде жалақы келісілген болса, онда төмендегідей еңбекке ақы төлеу талаптары қолданылады:

4.1.1. Қызметкерге міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік адуарымдарды есептеп, штаттық кестеге сәйкес айына ____________________ теңге мөлшерінде жалақы төленеді.

4.1.2. Сынақ мерзімі кезеңінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік адуарымдарды есептеп, (_________________________________________)теңге мөлшерінде жалақы төленеді.

4.2. Ақы төлеудің өзге жүйелері, оның ішінде араласы, Тараптармен Еңбек шартқа тиісті қосымша келісімге Тараптар қол қою арқылы Тараптармен келісіледі.

4.3. Өтіп кеткен ай үшін жалақы келесі айдың 10 (онынан) кешіктірілмей төленеді.

4.4. Қызметкерді өндірістің тиімділігі мен орындайтын жұмыстар сапасын жоғарылатуға қызығушылығын күшейту үшін Жұмыс беруші сыйлық беру жүйесін енгізуі мүмкін. Қызметкерге Жұмыс берушінің қарауы бойынша есептеу айының қорытындысы бойынша сыйлықақы төленуі мүмкін. Сыйлықақыны төлеу шарттары, оның ішінде негіздемелері, тәртібі мен мерзімін Жұмыс беруші анықтайды.

5. Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері

5.1. Құқықтары:

5.1.1. ҚР Еңбек кодексімен белгіленген тәртіпте Еңбек Шартын өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

5.1.2. Жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерден белгілі еңбек қызметімен айналысу және (немесе) белгілі қызметті атқару мүмкіндігін растайтын ҚР Еңбек кодексімен қарастырылыған құжаттарды ұсынуды талап етуге;

5.1.3. Өзінің өкілеттілігі шегінде Жұмыс беруші актілерін шығаруға;

5.1.4. Қызметкерден осы Еңбек шарттың, ұжымдық шарттың, еңбек тәртібі қағидаларының және Жұмыс берушінің басқа актілерінің талаптарын орындауды талап етуге.

5.1.5. Қызметкерді көтермелеуге, тәртіптік жазалар қолдануға және ҚР Еңбек кодексімен белгіленген жағдайларда және тәртіпте материалдық жауапкершілікке тартуға;

5.1.6. Қызметкер еңбек міндеттерін орындаған кезде келтірген зиянды өтетуге;

5.1.7. Еңбек саласында құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;

5.1.8. Кәсіпорынның жұмысын тоқтатуға және Қызметкер сот шешімі бойынша заңсыз деп танылған ұйымға қатысқан және ереуілге қатысқан кезде жұмыстан шығаруға;

5.1.9. Өкілдік және өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жұыс берушілердің бірлестіктерін құруға және қатысуға;

5.1.10. Қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге;

5.1.11. Егер ол Қызметкерді оқуға жіберумен байланысты осы Еңбек шартында немесе оған қосымшада не жеке шартта (келісім) келісілсе, Қызметкерді оқытумен байланысты өзінің шығынын өтетуге.

5.2. Міндеттері:

5.2.1. Қызметкерге еңбек туралы заңнамаға, Еңбек Шартына, ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайын қамтамасыз етуге;

5.2.2. Қызметкерге Еңбек Шартымен қамтамасыз етілген жұмысты ұсынуға;

5.2.3. Қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға және ұжымдық шарттар жасауға;

5.2.4. Қызметкерді өзінің жеке қаражаты есебінен ол еңбек міндеттерін орындау үшін қажетте жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және өзге құрылғылармен, және материалдармен қамтамасыз етуге;

5.2.5. Еңбек Шартын жасаған кезде Қызметкерді ішкі еңбек тіртіп қағидаларымен, Жұмыс берушінің Қызметкердің еңбек функциясына тікелей қатысы бар өзге актілерімен, сондай-ақ ұжымдық шартпен таныстыруға;

5.2.6. Қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, Еңбек Шартымен, ұжымдық шартпен, Жұмыс берушінің актілерімен қарастырылған жалақыны және қзге төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге;

5.2.7. Еңбек туралы заңнаманың, Еңбек Шартының, ұжымдық шарттың, өзге актілердің талаптарын сақтауға;

5.2.8. Қызметкерді ол еңбек міндеттерін орындаған кезде төтенше жағдайлардан сақтауға;

5.2.9. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды, оның зейнеткерлік қамтамасыз етілуіне ұсталғандығы және аударылғандығы туралы мәліметті сақтауға және мемлекеттік мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етуге;

5.2.10. Қызметкерге ол еңбек міндеттерін орындаған кезде Қызметкердің өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және заңнамасына сәйкес өтеуге;

5.2.11. Жұмысты егер оны жалғастыру Қызметкердің өміріне немесе денсаулығына қауіп төндірсе, тоқтатуға;

5.2.12. Қызметкерді зиян (өте зиян) және/немесе қауіпті еңбек жағдайлары және кәсіби ауру мүкіндігі туралы ескертуге.

5.3. Жұмыс беруші Қазақстан Ресубликасының Еңбек кодексімен қарастырылған өзге құқықтарға ие және өзге міндеттерді орындайды.

6. Қызметкердің құқықтары мен міндеттері

6.1. Құқықтары:

6.1.1. ҚР Еңбек кодексімен белгіленген тәртіпте Еңбек Шартын өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

6.1.2. нендей бір кемсітушіліксіз теңдей еңбек үшін теңдей ақы төлеуге;

6.1.3. біліктілік, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстардың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбекке ақы төлеуге;

6.1.4. қауіпсіздікке және еңбекті қорғауға;

6.1.5. кәсіби одақты немесе басқа бірлестіктерді құру құқығын қоса алғанда, бірлестікке, сондай-ақ егер өзге нәрсе Қазақстан Республикасының Заңдарымен қарастырылмаса, өзінің еңбек құқықтарын ұсыну және қорғау үшін онда мүше болуға;

6.1.6. тынығуға, оның төленетін жыл сайынғы демалысқа;

6.1.7. ол еңбек міндеттерін орындаумен байланысты оның денсаулығына немесе мүлігіне келтірілген зиянды өтеуге;

6.1.8. кепілдіктерге және өтемақылық төлемдерге;

6.1.9. Заңға қайшы келмейтін тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ Тараптардың келісімі бойынша не Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге Заңдарымен белгіленген тәртіпте өзге тәсілдермен жеке еңбек және ұжымдық дауларды шешуге;

6.1.10. Жұмыс берушіден осы Еңбек Шартта Тарапты білдіретін лауазымды тұлғаның өкілеттілігін растауды талап етуге;

6.1.11. ұжымдық шарттарды және Жұмыс берушінің актілерін әзірлеуге қатысуға және танысуға;

6.1.12. өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға.

6.2. Міндеттері:

6.2.1. Еңбек Шартымен, ұжымдық шартпен және Жұмыс берушінің актілерімен қамтамасыз етілген еңбек міндеттерін адал орындауға;

6.2.2. Жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлігіне ұқыпты қарауға, жұмыс процесінде Жұмыс берушіге мүлікке зиян келтіруге жол бермеуге;

6.2.3. Жұмыс берушіге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген шегінде келтірілген зиянды өтеуге;

6.2.4. жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария талаптарын сақауға;

6.2.5. еңбек тәртібін сақтауға, ішкі еңбек тәртіп қағидаларын орындауға;

6.2.6. Заңмен қорғалатын қызметтік, коммерциялық және өзге құпия болып табылатын Еңбек шартына сәйкес оған сеніп тапсырылған мәліметті жарияламауға;

6.2.7. адамдардың өміріне және денсаулығына, Жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлігінің саталуына қауіп төндіретін туындаған жағдай туралы хабарлауға;

6.2.8. Жұмыс берушінің келісімінсіз Еңбек Шартты қолданған кезеңде өзге Жмыс берушілермен еңбек қатынастарына түсуге;

6.2.9. Қызметкердің бастамасы бойынша Еңбек Шартын мерзімінен бұрын бұзған кезде, Жұмыс берушінің оны оқытумен байланысты шығынын төлеуге.

6.3. Қызметкер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өзге құқықтарға ие және өзіне өзге міндеттерді алады.

...