RU KZ EN

Документ "Трудовой Договор (Новый образец) на двух языках"

Шаблоны, образцы, бланки, документов РК - договоры, приказы, акты, заявления, доверенности, соглашения, уведомления и прочее - скачать бесплатно в Казахстане

Трудовой Договор (Новый образец) на двух языках

Текст бланка документа "Трудовой Договор (Новый образец) на двух языках". Ссылка для скачивания образца расположена в конце страницы.

№ __ ЕҢБЕК ШАРТЫ

Алматы қ. «__» _______ DATE \@ "yyyy" 2019 ж.

«______________________» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №___________ “___”_____ 20__ жылы Алматы қаласының Әділет басқармасымен берілген, СТН ____________, заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050016, Алматы қ., _________ ауданы, _______ көшесі, ___ үй, атынан уәкілетті тұлға директор _____________________ және Жұмыскер _________________________ Жеке куәлік № _____________ “___”___.20__ж берілген ІІМ берілді, ЖСН: ____________. Мекен жайы: Алматы каласы ___________ к-с, ____ үй әрі қарай «Қызметкер» екінші жағынан, әрі қарай «Жақтар» болып бірге аталатын, осы төмендегі еңбек шартын жасады: ( әрі қарай - Шарт):

1. Шарттың мәні

1.1. Жұмыс беруші өз еңбек міндеттерін атқара отырып ______________ қызметіне қабылданған Жұмыскермен штаттық кестеге сәйкес және келісім шарт бойынша өз жұмысын атқарады.

1.2. Келісім шарт келісіліп және еңбек заңдылықтарының өзгеруімен байланысты қайтадан келіскен Қазақстан Еңбек кодексімен қабылданды.

2. Шарттың жарамдылық мерзімі

2.1. Еңбек міндеттерін жүзеге асыру «__» __________20__ жылдан бастап.

2.2 Келісім шарт келісім мерзімі шектеусіз.

3. Еңбек шарты және

жұмыс уақыты

3.1. Жұмысшының жұмыс уақыты осы Келісім шарттың шарттарымен және Қазақстан Республикасының еңбек туралы зандылықтарымен белгіленеді және Жұмысшыға жұмыс күні мына тәртіпте бекітіледі.

бес күндік жұмыс аптасы екі күндік демалысымен –сенбі және жексенбі.

сегіз сағаттық жұмыс күні – сағ.09-00 ден

- 18-00 –ге дейін (өз қызметіне

тәуелділігіне байланысты)

өз қызметіне тәуелділігіне байланысты түскі үзіліс бір астрономиялық сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін. Аптасына жұмыс уақытының ұзақтығы 40(қырық) сағаттан аспауы керек.

3.2. Жұмыскер жұмысын жұмыс берушінің ішкі актілеріне сәйкес жүргізеді.

3.3. Жұмыс беруші Жұмыскерді заңнамада белгіленген негізде қызмет уақытынан тыс жұмысқа тарта алады, тек өндірістік қажеттілік болмаса (Жұмыскер ұйымының қалыпты жұмысын сақтау үшін тез арада орындауға жататын, алдын-ала болжамаған щұғыл жұмыстар).

3.4. Жұмыскердің демалыс және мейрам күндердегі жұмысы (кезекшілігі) Жұмыс берушінің бұйрығымен бекітіледі және екі есе мөлшерде төленеді (кезекшіліктің сағат санын бір сағаттық еңбек ақыға көбейтіліп, ол екіге көбейтіледі). Жұмысшының ықыласымен мейрам және демалыс күндері істелген жұмыс күндерінің орнына қосымша демалыс күнін алуға болады.

3.5. Қазақстан Республикасының аумағында және де қызметтік міндеттерге байланысты шет елдерде қызмет тапсырысын орындаумен, сонымен қоса түрлі ұлттық, халықаралық конкурстарға, конференцияларға, көрмелерге қатысуға Жұмыс берушінің есебіне, Жұмыскер іссапарға жіберілуі мүмкін.

3.6. Еңбекті қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында жүзеге асырылады.

4. Демалыс уақыты

4.1. Жұмыскерге 24 (жиырма төрт) күнтізбелік жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы, Жұмыс берушімен бекітілген еңбек демалыс кестесі бойынша ұсынылады, айлық жалақысы сақталып қалады.

4.2. Демалыс күндері Жұмыс берушінің ішкі актілеріне сәйкес ұсынылады.

4.3. Жылдық еңбек демалысы Жұмыс берушінің ұсынысымен және Жұмыскердің келісімімен тоқтатылуы мүмкін (еңбек демалысын кері қайтарып алу). Осыған байланысты орындалмаған еңбек демалысының жартысы екі жақтың келісімімен ағынды жылдың жұмыс күндері кезінде алуға немесе Жұмысшының ықыласымен келесі жылғы енбек демалысына қосылады, немесе ақшалай өтелуі мүмкін. Жұмыс берушінің келісімімен Жұмысшыға демалыс басқа уақыттарда да беріліуі мүмкін.

4.4. Пайдаланбаған еңбек демалысы үшін

өтемақылар ҚР еңбек заңнамасына сәйкес төленеді.

4.5. Екі жақты келісім бойынша жылдағы ақылы еңбек демалысын бөліп алуына болады.

4.6. Жұмыс беруші Жумысшының жазбаша арызы негізінде некеге тұрған кезінде, баласы тұған кезде және жақын туысқандары қайтыс болған кезде бес күнтізбелік кунге дейін еңбек ақысы сақталмаған демалыс беруге міндетті.

4.7. Жұмыс берушінің шешімі бойынша дәлелді себептеріне байланысты жазбаша арызының негізінде жұмысшыға еңбек ақысы сақталмаған демалыс берілуі мүмкін. Осы келісім шарттың тармақшасында қаралған жағдайлардан басқа жұмыс жылында алған ақысыз еңбек демалысының жиынтығы осы Келісім шарттың 3.7. тармақшасында қарастырылғандай, 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспауы қажет

4.8.. Жұмыс беруші Жұмысшыға баласы үш жасқа толғанға дейін еңбек ақысы сақталмаған демалыс беруге міндетті№ Бала күтуге арналған үш жасқа дейінгі ақысыз демалысты Жұмысшының қалауы бойынша оның жазбаша арызының негізінде толық пайдалануға немесе бөліп алуына болады.Үш жасқа дейінгі бала күтуге байланысты алған демалысы кезінде Жұмысшының жұмыс орынықызметі сақталады. Қазақыстан Республикасы зандарында басқа жағдай қаралмаған болса, үш жасқа дейінгі бала күту үшін алған ақысыз демалыс уақыты жалпы еңбек өтіліне, мамандығы бойынша еңбек өтіліне кіреді.

5. Жұмыскердің еңбек ақысын төлеу

5.1. Жұмыс беруші Жұмыскерге еңбек ақысын штаттық кестеге сай, әр айдың 10-нан кешіктірілмей төленеді.

5.2. Еңбек ақы төлемі екі жақ келісімімен қабылданады.

5.3. Жұмыскердің өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауына байланысты, өз кәсіби біліктілігін жоғарылатуына және осы шарттың талаптарын сақтап, өзін шығармашылық жағынан көрсете білген адамдардың еңбек жалақысы көтерілуі мүмкін.

5.4. Жұмыс беруші ҚР заңнамасына сәйкес еңбек ақының жалпы мөлшерінен барлық ұсталымдарды алып қалады.

5.5. Белгіленген уақытынан артық жұмыс «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексына» сәйкес жүзеге асырылады.

5.6. Жұмыскердің кінәсінен туындаған бос уақыт төленбейді.

5.7. Жұмыскердің кінәсінен туындаған уақыттың төлену тәртібі мен шарты еңбек шартымен анықталып, орташа жалақының елу пайызынан кем болмайды.

5.8. Мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау барысында жұмыс орны сақталады. Куәгер ретінде сотқа шақырылғанда жұмыс орны және айлық төлем ақысы сақталады (тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда).

6. Тараптардың құқықтары

мен міндеттемелері

6.1. Жұмыскердің құқығы:

6.1.1. Осы Шартты ҚР еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіпте Жұмыс берушімен жасасуға, өзгертуге және бұзуға;

6.1.2. Ешбір кемсітусіз тендей еңбек үшін жалақыны алуға;

6.1.3. Қауіпсіздік пен гигиенаның талаптарына жауап беретін демалыс пен еңбек жағдайына;

6.1.4. Еңбек қызметін атқару кезінде денсаулығына не болмаса мүлігіне келтірілген зиянның орнын өтеуге;

6.1.5. ҚР заңнамасына сәйкес кепілдіктерге, өтемақыларға және жеңілдіктерге;

6.1.6. Кәсіби біліктілігін арттыруға;

6.1.7. Жұмыс берушіден осы келісім шарттың шарттарының орындалуын талап ету.

6.1.8. Еңбек шарты мен еңбекті қорғаудың жағдайы туралы толық мәлімет алуға.

6.1.9. Осы келісім шарт пен Еңбек Кодексының шарттарына сайкес уақтылы және толық көлемде жалақысын төлеу.

6.1.10. Жылдағы ақылы еңбек демалысы.

6.1.11. Өзінің өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық келісім шартты дайындауға, сонымен бірге қол қойылған ұжымдық келісім шартпен танысуға.

6.1.12. Еңбек Кодексында қаралған мамандығы бойынша дайындыққа қайта даярлауға, және өзінің біліктілігін көтеруге.

6.1.13. Қазақстан Республикасының зандарында қарастырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жағдайында.

6.1.14. Барлық занға қайшы емес әдістермен өзінің құқықтары мен занды қызығушылықтарың қорғауға.

6.1.15. Еңбек туралы таласты шешу үшін келістіруші комиссияға, таңдауы бойынша сотқа жүгіну.

6.1.16. Қауыпсіздік және енбекті корғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына.

6.1.17. Өзінің өміріне және денсаулығына зиян келтіретін жұмыстардан бас тартуға және бұл жөнінде өзінің тікелей басшысына немесе Жұмыс берушінің өкіліне хабарлауға.

6.1.18. кауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес болмай, жұмыс тоқтап қалған кезде айлық табыстың орташа есебінің сақталуы.

6.1.19. Жұмыс берушінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі әрекеті бойынша шағымдануға.

6.1.20. Біліктілігіне, еңбектің күрделігігіне, орындалгған жұмыстың саны мен сапасына, сонымен бірге еңбектің шарттарына сәйкес жалакының төленуіне.

6.1.21. Еңбек Кодексы және басқа Қазақстан Республикасының қуқықтық-нормативтік актылерінде қарастырылған басқарма ұйымдарына катысуға.

6.2. Жұмыскердің міндеті:

6.2.1. Қызметтік-лауазымдық нұсқауда, осы Шартта және ҚР заңнамасында аталған еңбек міндеттемелерін әділ орындауға;

6.2.2. Еңбек, өндірістік және қаржылық тәртіпті сақтауға;

6.2.3. Жұмыс кезінде Жұмыс берушіге мүліктік зиян келтірмеуге, ұрлық, опат пен зиян келтіру Жұмыс берушінің мүліктік мүдделерін қорғайтын ойға қонымды шараларды қолдануға және Жұмыскердің құзырында болатын Жұмыс берушінің кез келген мүлігіне жауапкершілікте болуға;

6.2.4. Еңбек сақтығы, техникалық қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария бойынша пайдалану ережелерін орындауға, сапалы жұмыстың кепілі болатын жұмыс орнын тазалық пен жинақылықта ұстауға;

6.2.5. Осы Шартқа, қызметтік-лауазымдық нұсқау мен Жұмыс берушінің өзге де актілеріне сәйкес сеніп тапсырылған қызметтік, коммерциялық мәлліметтер мен Заңмен қорғалатын құпияны жарияламауға;

6.2.6. Адамдардың өмірі мен денсаулығына, Жұмыс берушімен мен Жұмыскердің мүлігіне төніп тұрған қауіпты жағдайлар туралы хабарлауға;

6.2.7. Ауысымға кіру не болмаса оны тапсыру кезінде қабылдау мен өткізуді Ңұсқауға (егер мұндай нұсқаулар Жұмыс беруші мен оның өкілетті тұлғасымен бекітілсе) сәйкес жүргізуге;

6.2.8. Жұмыс берушінің қызығушылығына сай келмейтін басқа жеке, заңды тұлғалардың қызығушылығын қолдамау және Жұмыс берушінің экономикалық қызығушылығына сай келмейтін істермен айналыспау.

6.2.9. Әкімшілікке және Жұмыс берушінің басқа да қызметшілеріне байланысты қызмет бабындағы сыйластықты сақтау.

6.2.10. Қызметшілерге, іскерлік әріптестерге, қонақтарға, клиенттерге сыйластық пен тілектестік көрсету.

6.2.11. Жұмыс берушінің іскерлік беделін қолдау, Компанияның/ Жұмыс берушінің атына кір келтірмеу, Компанияның/ Жұмыс берушінің дағдысын сыйлау.

6.2.12. Әрқашан өз кәсіби дәрежесін жетілдіру, өз білімін толықтыру және одан ары дамыту, жетілдіру, оқыту программаларына (курстарына), семинарларға және т.б. қатысу.

6.2.13. Осы шарт қолданысы кезінде ұлттық және басқа да халықаралық конкурстарға тек Жұмыс берушінің Компаниясының қызығушылығы негізінде және осы Компанияның атынан қатысу.

6.3. Жұмыс берушінің құқығы:

6.3.1. Осы Шартты ҚР еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіпте Жұмыскермен жасасуға, өзгертуге және бұзуға;

6.3.2. жұмысқа қабылдаған кезде Жұмыскерден ҚР еңбек заңнамасына сәйкес құжаттардың ұсынылуын талап етуге;

6.3.3. Өз құзыретінің шегінде Жұмыс берушінің актілерін (бұйрықтар, жарлықтар, нұсқаулар, ішкі еңбек тәртібі) т.б. шығаруға;

6.3.4. ҚР еңбек заңнамасы мен өзге де нормативтік актілерімен белгіленген тәртіпте Жұмыскерді материалдық және тәртіптік жазаға тарту және көтермелеуге;

6.3.5. зияндықты бағалау актісіне сәйкес Жұмыскермен келтірілген зияндықты өтеттіруге;

6.3.6. Жұмыскерге үш ай мерзімге дейін сынақ мерзімін белгілеуге;

6.3.7. ҚР еңбек заңнамасына сәйкес Жұмыскерді оқытуға жұмсалған шығындардың орнын толтыруға;

6.3.8. Өкілдігін және өз құқығы мен қызығушылығын қоргау үшін бірлестік кұрып және оған кіру.

6.3.9. Жұмысшыдан осы келісім шарттың, еңбек тәртібінің ережесі мен Жұмыс берушінің басқа да актылерінің орындалуын талап ету.

6.3.10. Еңбек заңнамасына сай жұмыс тәртібі мен демалыс уақыты белгіленеді.

6.3.11. Жұмсшыны жылына бір реттен кем емес аттестациядан өткізу.

6.3.12. Жұмысшының квалификациясы мен кәсіпкерлік деңгейін көтеруге барлық мүмкіндіктерді істеу. Жұмысшының квалификациясын көтеруде, оқытуда және қайта дайындықты өту осы шартқа қосымша келісім шарт жасау арқылы бекітіледі.

6.4. Жұмыс беруші міндетті:

6.4.1. ҚР еңбек заңнамасына сәйкес Жұмыскерге еңбек жағдайын қамтамысыз етуге;

6.4.2. Өз қаражаты есебінен Жұмыскерді еңбек қызметін атқаруға қажет қаражат пен материалдармен қамтамасыз етуге;

6.4.3. Жұмыскерді жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шартын жасасуға, Жұмыскерді компаниядағы тәртіп пен ағымдар, Жұмыс берушінің актілерімен таныстыруға;

6.4.4. Жұмыскерге ҚР нормативтік-құқықтық актілермен көзделген уақтылы және толық мөлшердегі жалақы мен өзге де төлемдерді төлеуге;

6.4.5. Жұмыскерге жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын ұсынуға;

6.4.6. ҚР еңбек заңнамасының талаптарын, еңбек қауІпсіздігі мен сақтығын ұстануға;

6.4.7. ҚР заңнамасына сәйкес Жұмыскердің өміріне келтірілген зияндықты өтеуге;

6.4.8. Егер Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрса, жұмысты тоқтата тұруға;

6.4.9. Жұмыскерді зиянды (аса зиянды), қауіпті (аса қауіпті) еңбек жағдайы туралы ескертуге;

6.4.10. Жұмыскердің еңбек қызметін дәлелдейтін құжаттар мен ақшасының зейнеткерлік қамсыздандыруға ұсталып қалуы туралы мәліметтердің сақталу мен мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге;

6.4.11. Жұмыс орындары мен технологиялық үрдістер кезіндегі қауіпті болдырмайтын шараларды қолданған, өндірістік және ғылыми-техникалық дамуды ескере отырып, алдын ала жұмыстарын жүргізуін;

6.4.12. Қ Р еңбек заңдылықтарының талаптарын, осы Келісім шартпен олардың шығарған актылерін қадағаласын.

6.4.13. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың ішкі бақылауын іске асыру.

6.4.14. Осы Келісім шартта қаралған жұмыс Жумысшыға ұсынылсын.

6.4.15. Жұмысшыны Жумыс берушінің актілерімен, ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен және қызметтік нұскаулармен таныстырсын.

6.4.16. Мемлекеттік еңбек инспекторының ұйғарымдарын орындасын.

6.4.17.Қызметтік міндеттерін орындау барысында Жұмысшының өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін азаматтық жауапкершілігін сақтандырсын.

6.4.18.Жұмыс уақытына толық есеп жүргізсін, соның ішінде артық жұмыс істеген уақыттары, әрбір жұмысшының атқаратың еңбектің кауіпті шарттары, зиянды (өте зиянды), қиын жұмыстары.

6.4.19. Осы келісім шартқа және Еңбек Кодексына сәйкес Жұмысшыны мамандығы бойынша дайындықпен және біліктілігін көтерумен қамтамасыз етіп отырсын.

6.4.20. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында бюджетке, зейнетақы қорына және басқа да міндетті төлемдерді бөліп шығарады.

6.4.21. Жұмысшының ауыр физмкалық жұмысы үшін, зиян немесе қ
...